0:00
0:00

Олар бір-бірінен не туралы сұрасып жатыр?
Ұлы хабар туралы,
өздері ол жөнінде қарама-қайшылықта.
Жоқ, олай емес! Олар жақында біледі.
Кейін, тіпті олай емес! Олар әлі-ақ біледі
Біз жерді төсеніш етпедік пе,
ал тауларды қазық?
Әрі Біз сендерді жұптар етіп жараттық.
Ал ұйқыларыңды тынығу еттік,
әрі түнді жамылғы етіп жасадық,
және күндізді тіршілік / уақыты / етіп
жасадық.
Әрі үстеріңнен жеті берікті құрдық,
және лаулаған шырақ жасадық.
Әрі сығылушылардан / бұлттардан / мол су түсірдік,
онымен дән және өсімдікті шығару үшін,
және ну бақтарды да.
Ақиқатында, Айыру күні - белгіленген бір мерзім.
Ол күні сүр үрленеді де сендер топ-топ болып келесіңдер.
Әрі аспан ашылып, қақпаларға айналады,
ал таулар жүргізіліп, сағымға айналады.
Ақиқатында, Жаһаннам - аңдып, күтіп тұрушы,
шектен шығушылар үшін қайтар орын.
Олар онда ғасырлар бойы қалады.
Ол жерде олар салқындықты да, су сын да татпайды,
тек қайнап тұрған су мен іріңнен басқа, -
істеріне лайықты қайтарым ретінде.
Анығында, олар, есепке тартылуды «үміт» етпеген / қорықпаған / еді,
әрі аяттарымызды мүлде өтірікке шығарған еді.
Ал, Біз барлық нәрсені жазып, есептеп қойдық.
Енді, татыңдар. Сендерге азаптан басқа ешнәрсені арттырмаймыз.
Күмәнсіз, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін - игілік мекені:
бақтар мен жүзімдіктер,
әрі құрбылас, толық омыраулы қыздар,
және толы кеселер.
Олар онда / Жәннатта / бос сөзді де, өтірікті де естімейді.
Бұл - Раббыңнан қайтарым ретінде берілген толық сый,
аспандардың және жердің әрі олардың арасындағыларының Раббысы - ар-Рахманнан. Одан / рұқсатсыз / тіл қатуға ие болмайды.
Ол күні Рух / Жәбірейіл / және періштелер тізіліп тұрады. Ар-Рахманның рұхсат еткенінен басқа ешкім сөйлемейді. Әрі / рұқсат берілгенде / дұрысты ғана сөйлейді.
Сол күн - ақиқат. Кім қаласа, Раббысына қайтатын жолды ұстанады.
Ақиқатында, Біз сендерді жақын бір азаптан сақтандырып, ескерттік. Ол күні адам екі қолы алдын-ала дайындағанына қарайды. Сонда кәпір: «Әттең! Топырақ болып кетсем еді», - дейді.
السورة التالية
Icon