Олар оның нәтижесін (бастарына келетінін) ғана күтеді. Оның нәтижесі келген күні, оны ұмытып жүргендер: “Раббымыздың елшілері шындықты әкелген еді. Енді бізді қолдаушы бар ма? Немесе дүниеге қайтарыламыз ба? Сонда бұрыңғы істегенімізден басқаны істер едік” дейді. Расында олар өздеріне кесір істеді. Сондай-ақ олардың жасанды тәңірлері адасып жоқ болды.