(Бір үйден тамақ жеулерінде) соқырға кінә жоқ, ақсаққа кінә жоқ, ауруға да кінә жоқ. Сондай-ақ сендерге өз үйлеріңнен (әйелдеріңнің, балаларыңның. Ж.М.Р.) не әкелеріңнің үйлерінен, я шешелеріңнің үйлерінен, я аға-інілеріңнің үйлерінен, я әпеке-қарындастарыңның үйлерінен, я әкелеріңмен туысқан көкелеріңнің үйлерінен, я әкелеріңмен туысқан апаиларыңның үйлерінен, я нағашы ағаларыңның үйлерінен, я нағашы апайларыңның үйлерінен, немесе кілттеріне ие болған не достарыңның үйлерінен тамақ жеулеріңде айып жоқ. Сондай-ақ бірлікте не жеке-жеке жеулерің айып емес. Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе (Мұсылмандарға) Алла тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер! (4-С. 86-А.) Осылайша Алла, сендерге аяттарын ашық баян етеді. Әрине түсінерсіндер.