Міне Алла, иман келтіріп, түзу іс істеген құлдарын қуанышқа бөлейді. (Мұхаммед Ғ.С.): "Сендерден бұған жақындық махаббаттан басқа ешбір ақы тілемеймін" де. Кім бір жақсы табысқа ие болса, оның бұндағы жақсылығын арттыра түсеміз. Күдіксіз Алла, тым жарылқаушы, шүкірлікті бағалаушы. (Бұл аяттағы, жақын сүйіспеншілік: "Құлшылық арқылы Аллаға жақындау. Немесе Құрайштан болғандығым үшін жақындық көрсетіп жапа бермеулеріңді қалаймын" деген ұғымдарда. Б.Ж.М.К.Р.)