(Соғысқа қатынаспауда) соқырға бір оқасы жоқ. Ақсаққа да ештеңе жоқ. Және ауруға да кінә болмайды. Кім Аллаға, Елшісіне бағынса, ол, астарынан өзендер ағатын ұжмаққа кіргізіледі. Ал кім жалтарса, ол, жан түршігерлік қинаумен қиналады. (Хүдайбия келісімі қарсаңында Меккеге жіберілген хазіреті Ғүсман өлтірілді деген хабар бойынша Мұхаммед Ғ.С. ға мың үш жүзден артық сахаба бір ағаштың түбінде: "Соғысқа әзірміз" деп, биғат қылды. Б.Ж.М.К.)