Расында сендерге Ыбырайым (Ғ.С.) және онымен бірге болғандар, бір көркем өнеге болды. Сол уақытта, олар елдеріне: "Сендерден де Алладан өзге табынғандарыңнан да бездік. Сендермен арамызға мәңгі дұшпандық, өштік бастады. Сендерге Алланың бірлігіне иман келтіргенге дейін қарсымыз" деген. Бірақ Ыбырайым (Ғ.С.) ның әкесіне: "Әрине сен үшін жарылқау тілеймін. Дегенмен Алладан келетін нәрсеге шамам келмейді" деген болатын. "Раббымыз, Саған тәуекел еттік, Саған қайттық әрі барар жеріміз Сен жақ."


الصفحة التالية
Icon