(Мұхаммед Ғ.С.) сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардан бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, ттнімен күндізді шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды. (Түнде тұруды қалдырды. Б.Ж.М.) Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Сендерден науқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер, тағы басқа Алла жолында соғысқандар Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар. Және намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Алла үшін көркем қарыз беріңдер. Және өздерің үшін алдын ала хайыр істесеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.


الصفحة التالية
Icon