Сендер қажыларды сумен қамтамасыз етуді және әл-Харам мешітіне қарауды - Аллаһқа және Ақирет күніне сенген әрі Аллаһтың жолында соғысқанмен бірдей көресіңдер ме? Олар Аллаһтың алдында бірдей болмайды. Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді.