Сендер өздеріңнен алдыңғылар сияқтысыңдар / ей, мұнафиқтар /. Олардың күш-қуаты сендерден артық және дүниелері мен балалары да көп еді. Олар өз үлестерінен пайдаланып, рахатын көрді. Өздеріңнен алдыңғылар өз үлестерінен пайдаланып, рахатын көргендей, сендер де өз үлестеріңнен пайдаланып, рахатын көрдіңдер. Олар / өтірікке / батып берілгендей, сендер де / ақиқаттан өзгеге / сүңгіп берілдіңдер. Олардың амалдары бұл өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / зая кетті. Міне, солар - нағыз зиянға ұшырағандар.