Раббысынан келген / Құран / және оған Оның тарапынан бір куә / Жәбрейіл / ерген әрі одан бұрын жетекші және мейірім түріндегі Мұсаның кітабы / Тәурат / куәлік еткен анық дәлелді ұстанғандар - міне солар оған / Құранға / сенеді. Ал, қалған топтардан кім оған / Құранға / күпірлік етсе / сенбесе, қарсы келсе / , оның уәделі орны - От. / Ей, Мұхаммед, / сондықтан одан / Құраннан / күмәнда болма, өйткені ол Раббыңнан келген ақиқат, алайда адамдардың көбі сенбейді.