Оларға / жіберілген / елшілер: «Аспандарды және жерді жоқтан бар еткен Аллаһ жайында / сендерде / күмән бар ма? Ол сендерді күнәларыңды кешіруі үшін және сендерге белгіленген мерзімге дейін мұрсат беру үшін шақырады», деді. Олар: «Сендер бар болғаны біз секілді адамсыңдар. Бізді ата-бабаларымыз табынып келгеннен қайтаруды қалайсыңдар. Қане, бізге анық дәлел келтіріңдер», деді.


الصفحة التالية
Icon