Ал, іс біткен кезде шайтан: «Ақиқатында, Аллаһтың сендерге берген уәдесі хақ уәде еді. Мен де сендерге уәде еттім, алайда, сендерді алдадым. Менің өздеріңді шақырғаным ғана болмаса, сендерге ешқандай билігім жоқ еді. Сонда да сендер маған жауап бердіңдер. Енді мені кінәламаңдар, керісінше, өздеріңді кінәлаңдар. Мен сендерге көмек бере алмаймын, сондай-ақ, сендер де маған көмек бере алмайсыңдар. Сендердің бұрын мені Аллаһқа серік етіп қосқандарыңнан бас тартамын», дейді. Ақиқатында, әділетсіздерге қинаушы азап бар.


الصفحة التالية
Icon