Сол кезде әпкең / артыңнан / еріп жүріп: «Сендерге оған қамқорлық ететін / емізетін / біреуді көрсетейін бе?» - деді. Сөйтіп анаңның көзайым болуы әрі қайғырмауы үшін сені оған қайтардық. Кейін сен бір адамды өлтірдің. Сонда сені уайымнан құтқардық және түрлі сынаққа салдық. Ей, Мұса, содан кейін Мәдиян елінде бірнеше жыл болып, белгіленген мерзімде / қайтып / келдің.


الصفحة التالية
Icon