Әрі иманды әйелдерге айт, көздерін / өзге еркектерге, тыйым салынған нәрселерге қараудан тыйып, / төмен қаратсын, жыныс ағзаларын қорғасын және көрініп тұрғаннан / сыртқы киімдерінен / басқа көріктерін көрсетпесін. Жаулықтарын көкіректеріне түсіріп жапсын және көріктерін көрсетпесін. Тек, күйеулерінің, әкелерінің, күйеулерінің әкелерінің, ұлдарының, күйеулерінің ұлдарының, бір туған аға-інілерінің әрі олардың ұлдарының, бір туған әпке-сіңлілерінің ұлдарының, өздерінің әйелдерінің, қоластындағылардың / күңдердің / , еркектік күш-қалаудан айрылған қызметшілерге, әйелдердің әуреттерін аңғармайтын кішкентай балалардың алдында / толық етіп жамылмай-ақ / жүрсе болады. Жасырған көрік-зейнеттері білінуі үшін аяқтарын тырсылдатпасын. Ей, иманға келгендер! мұраттарыңа жетулерің үшін барлығың істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіңдер /.