Әрі Аллаһ Өз кеңшілігімен байытқанға дейін, үйленуге мүмкіндік таба алмағандар, / күнәдан тыйылып / өздерін ұстасын. Қолдарың иеленген құлдар мен күңдердің ішінен келісім жаздыруды / белгілі бір дүние беріп азаттығын алуды / қалайтындармен, егер оларда бір жақсылық барын байқасаңдар оларға келісім жазыңдар әрі Аллаһтың өздеріңе берген дүниесінен Оларға беріңдер. Ар-абыройын сақтауды қалаған күндеріңді, осы өмірдің пайдасын қалап, жеңіл жүріске мәжбүрлемеңдер. Ал, кім оларды / осыған / мәжбүрлесе, олар мәжбүрленгеннен кейін де Аллаһ / мәжбүрленгендерді / өте Кешіруші, / Оларға / аса Мейірімді.


الصفحة التالية
Icon