Соқырға күнә емес және ақсаққа да күнә емес әрі ауруға да күнә емес әрі сендерге де өз үйлеріңнен, не әкелеріңнің үйлерінен, не аналарыңның үйлерінен, не бауырларыңның үйлерінен, не әпке-қарындастарыңның үйлерінен, не әкелеріңнің бауырларының үйлерінен, не әкелеріңнің әпке-қарындастарының үйлерінен, не нағашыларыңның үйлерінен, не нағашы апайларыңның үйлерінен, не кілттеріне / сендерге сеніп тапсырылып / өздерің ие болған / үйлерден / , не достарыңның / үйлерінен / тамақ жеулерің айып емес. Сендердің бірге немесе жеке тамақтануларыңда кінә жоқ. Үйлерге кіргенде, Аллаһтан болған берекелі әрі игі амандасу сөздермен / «Ассаламу ъалайкум» -/ деп. Өздеріңе / бір-біріңе / бейбітшілік-амандық тілеңдер. Ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін Аллаһ сендерге аяттарды осылай түсіндіреді.