Ей, Мұхаммед! / Ол саған Кітапты түсірді. Оның ішінде мағынасы анық аяттар бар. Олар - Кітаптың анасы / негізі /. Әрі өзге, мағынасы астарлы / аяттар да бар / ? Жүректерінде ауытқу болғандар болса, бүлік / фитна / қалап және оны түсіндіруді қалап астарлы мағыналы аяттардың соңына түседі. Ал, оның түсінігін Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Әрі білімде орныққандар болса: «Біз оған сендік. Барлығы біздің Раббымыздан», - дейді. Ал, / ескертуді / тек ақыл иелері ғана еске алады / түсінеді /.