Өзінде Кітаптан білімі болған біреу: «Мен саған оны жанарың өзіңе қайтқанша әкелемін», - деді. Ол / Сүлеймен / оның / тақтың / өзінің алдында орныққанын көргенде: «Бұл- Раббымның кеңшілігі. Шүкір етемін бе / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіремін бе / әлде күпірлік етемін бе / шүкіршілік білдірмеймін бе / мені сынау үшін берген. Кім шүкір етсе / Раббысының берген игіліктеріне разы болып, алғыс білдірсе / , өз пайдасы үшін шүкір етеді. Ал кім күпірлік етсе / өзіне берілгенді мойындамаса / , ақиқатында Раббым - бәрінен Бай, мұқтажсыз , аса Жомарт », - деді.


الصفحة التالية
Icon