Ей, Мұхаммед! / Иманға келген және ізгі амал жасағандарды сүйіншіле: оларға астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтар бар. Оларға оның жемісінен бір ризық берілген сайын олар: «Бұл бізге бұрын да берілген еді», - дейді. Оларға / Жәннатта / оның ұқсасы беріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар бар. Олар онда мәңгі қалады.