Анығында, сендер Аллаһтың орнына, пұттарға табынасыңдар әрі / оларды құдай деп ойдан І өтірікті құрастырасыңдар. Негізінде, сендердің Аллаһтың орнына табынғандарың сендерге ризық беруге шамасыз. Ризықты Аллаһтан іздеңдер, Оған ғана құлшылық етіңдер және шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер /. Сендер Оған қайтарыласыңдар»,- деді.