әрі оны Исраил / Йаъқубтың / ұрпақтарына Елші етеді. / Иса / \ «Ақиқатында мен сендерге Раббыңыздан бір белгі-мұғжизамен келдім. Сендерге лайдан құс секілді жасаймын, сөйтіп оған үрлегенімде, ол Аллаһтың қалауымен құс болады. Сондай-ақ, тума соқыр мен алапесті айықтырып, Аллаһтың қалауымен өлілерді тірілтемін әрі сендерге үйлерінде не жеп, нені сақтап жинағандарыңның хабарын беремін. Егер иманды / мүмін / болсаңдар, осы нәрселерде сендер үшін белгі-ғибрат бар.