Ал, егер ол екеуі өзінде білімі болмаған нәрсені Маған серік етіп қосуың үшін ұмтылып, әрекет етсе, онда оларға бағынба. Бірақ, бұл дүниеде оларды құпталғанға сай қарап, күт, әрі Маған бойсұнып, жүгінгендердің жолымен жүр. Кейін сендер Маған қайтасындар. Сонда сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын беремін.