Ақиқатында Мұсылман / бойсұнушы / ерлер және Мұсылман әйелдерге, мүмін / иманды / ерлер және мүмін әйелдерге, бағынушы ерлер және бағынушы әйелдерге, шын сөзді / сөзін амалымен растаушы / ерлер және шын сөзді әйелдерге, сабыр етуші ерлер және сабыр етуші әйелдерге, / Аллаһқа / беріле бойсұнушы ерлер және / Аллаһқа / беріле бойсұнушы әйелдерге, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдерге, ораза тұтушы ерлер және ораза тұтушы әйелдерге, ұятты жерлерін / еркектік пәктігін / қорғаушы ерлер және / әйелдік пәктігін / қорғаушы әйелдерге, Аллаһты көп еске алушы ерлер және / Аллаһты көп / еске алушы әйелдерге Аллаһ кешірім әрі ұлы сый / жәннатты / дайындады.