Сен жұбайларыңнан қалағаныңды кейінге қалдырып әрі өзің қалағанды жаныңа ала аласың. Кейін қалдырғандарыңнан кімді қаласаң да саған күнә жоқ. Бұл олардың көзайым болуына, қамықпауларына және барлығының да сенің тарту еткендеріңе риза болуларына ең жақыны. Аллаһ сендердің жүректеріңдегіні біледі. Аллаһ бәрін Білуші / ’Алим / , аса Ұстамды, Жұмсақ / Халим /.