Ей, иманға келгендер! Пайғамбардың үйлеріне кірмеңдер, тек өздеріңе тамақ жеуге рұқсат етілгенде болмаса, бірақ / тамақтың / дайын болуын күтіп, алдын ала кірмеңдер. Ал егер шақырылсаңдар, кіріңдер де тамақ жеп болсаңдар, әңгімені созбай дереу тарқаңдар. Бұларың Пайғамбарға жайсыздық тудырады, алайда ол сендерден ұялады. Ал, Аллаһ шындықтан / оны түсіндіруден / ұялмайды. Егер олардан / әйелдерінен / бір нәрсе сұрасаңдар, онда перденің арғы жағында тұрып сұраңдар. Осы - сендердің жүректерің үшін әрі олардың жүректері үшін де ең тазасы. Сендерге Аллаһтың Елшісін ренжітулеріңе және одан кейін оның әйелдеріне ешқашан үйленулеріңе болмайды. Ақиқатында, бұлай етулерің Аллаһтың алдында өте үлкен / күнә /.