Сонда әлсіздері өздерін жоғары санағандарға: «Жоқ! Түнде де, күндіз де айла-шарғы қолданып, бізді Аллаһқа сенбеуге және Оған өзгелерді теңдес етуге бұйыратын едіндер»,- дейді. Олар азапты көргендерінде, өкініштерін / іштеріне / жасырды. Әрі Біз күпірлік етушілердің / Аллаһқақарсы келушілердің / мойындарына бұғаулар салдық. Оларға істегендерінен басқасына / істемегендеріне / қайтарым жаза беріле ме?