Егер күпірлік етсеңдер / бір Аллаһқақұлшылық етпесеңдер / , Аллаһ сендерге мұқтаж емес. Ол құлдарының күпірліктеріне / берілген игіліктерін мойындамауларына / риза болмайды. Ал, шүкір етсеңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірсеңдер / , онда Ол сендерге разы болады. Ешбір көтеруші / күнә істеуші / басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Кейін өздеріңнің Раббыңа қайту бар. Сонда Ол сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын береді. Ақиқатында, Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.