Аллаһ сөздің ең жақсысын бір-біріне ұқсаған / мағынасы бір / әрі қайталанып айтылатын Кітап етіп түсірді. Өздерінің Раббысынан қорқатындардың одан терілері жиырылады. Ал, кейін олардың терілері мен жүректері Аллаһты еске алуға жұмсарады. Бұл / Құран / - Аллаһтың тура жолы. Ол қалағанын тура жолмен жүргізеді. Ал, кімді Аллаһ адастырса, оны тура жолға салушы жоқ.