Егер олардан: «Аспандарды және жерді кім жаратты?» - деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», -деп айтады. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер Аллаһтан өзге шақырғандарың / табынғандарың / жайлы ойладыңдар ма, егер Аллаһ маған бір зиян тигізуді қаласа, олар / Аллаһтан өзге табынғандарың / Оның зиянын кетіре ала ма? Әлде, Ол маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса ала ма?» - деп. Айт: «Аллаһ маған жеткілікті. Сенім артып жүгінушілер / тәуекел етушілер / Оған жүгініп, істерін тапсырады / тәуекел етеді / », - деп.