Біз адам баласына ата-анасына жақсылықты ықыласпен жасауды өсиет етіп тапсырдық. Анасы оны / құрсағында / ауырлықпен көтеріп және оны қиналып босанады. Оның жүктілік және сүттен айыруы - отыз ай. Ал, қашан ол кемеліне келіп, әрі қырық жасқа толған кезде: «Раббым! Маған өзіме және ата-анама берген игілігің үшін шүкір етуімді / алғыс, разылық білдіруімді / және Өзің разы болатын ізгі амал істеуімді жүрегіме кіргізіп, нәсіп ет. Әрі менің үшін ұрпағымды ізгілерден еткін. Мен күнәдан бас тартып, Өзіңе бойсұнуға қайттым / тәубе еттім /. Мен - мұсылмандарданмын / бойсұнушыларданмын / », - дейді.