Ал, қашан / соғыс майданында / күпірлік етушілермен / сендермен соғысушы кәпірлермен / кездессеңдер мойындарынан ұрыңдар. Қашан оларды басып, әлсіреткеннен кейін, байлауды мықтап бекітіңдер / тұтқындарды қамаңдар / ,Содан кейін соғыс жүгін түсіргенге / аяқталғанға / дейін не рақым ету, не төлем алу керек. Міне осылай! Егер де Аллаһ қалағанда, олардан Өзі кек алып жазалайтын еді. Бірақ, Ол сендерді біріңді-бірің арқылы сынауы үшін / осылай етті /. Аллаһ жолында өлтірілгендердің амалдарын Ол ешқашан зая кетірмейді: