Бәдәуилердің ішіндегі қалып қойғандар саған: «Бізді мал-мүліктеріміз бен үй ішіміз ұстап қалды. Біз үшін кешірім тіле»,- дейді. Олар жүректерінде жоқ нәрсені тілдерімен айтады. Айт: «Егер Ол сендерге бір зиян қаласа немесе Ол сендерге бір пайда қалайтын болса, сендер үшін кім Аллаһтың алдында бірнәрсеге иелік ете алады?» Жоқ! Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар.