Олар - күпірлік еткендер / Аллаһ және Оның Елшісіне қарсы шыққандар / , әрі сендерді әл-Харам мешітінен және құрбандық малдарын сойылатын орнына жетуден тосқандар. Егер де сендер өздерің білмеген иманды ерлер мен иманды әйелдерді таптап кетіп, білместікпен обалына / күнәға / қалмайтын болмағандарыңда еді, алайда Аллаһ қалағандарын Өзі мейіріміне ендіруі үшін / осылай істеді /. Егер де олар бір-бірінен / ерекшеленіп / бөлінгенде, олардан күпірлік еткендерді / иманға келмегендерді / күйзелтуші азапқа душар етер едік.