Ей, иманға келгендер! Бір топ / бір адамдар / басқа бір топты / адамдарды / келемеж етпесін, / адамдар бір-бірінің үстінен күлмесін / ,бәлкім олар бұлардан қайырлы шығар. Сондай-ақ әйелдер де басқа бір әйелдерді / келемеж етпесін / , бәлкім олар да бұлардан қайырлы шығар. Әрі өздеріңді-өздерің кемсітпеңдер және жаман лақап аттармен бір-біріңнің намыстарыңа тимеңдер. Иманға келгеннен кейін бұзық ат тағу өте жаман! Ал кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтпаса / тәубеге келмесе / , міне, солар - әділетсіздер.


الصفحة التالية
Icon