Сендерге баласы болмаған жұбайларың қалдырғанның жартысы тиісті. Ал, егер олардың баласы болса, сендерге олар қалдырғанның төрттен бірі тиісті. бұл / көрсетілген бөліс / қалдырған өсиеттері немесе қарыздарынан кейін / беріледі /. Сондай-ақ Оларға да / әйелдеріңе / балаларың болмаса, сендер қалдырғанның төрттен бірі тиесілі. Ал, егер сендерде балалар болса, Оларға сендер қалдырғанның сегізден бірі тиесілі. бұл / көрсетілген бөліс / қалдырған өсиеттерің немесе қарыздарыңнан кейін / беріледі /. Егер ата-анасы немесе балалары болмаған бір ер не әйелдің мирасы бөлініп, оның ер немесе қыз бауыры болса, олардың әрбіріне алтыдан бірі тиісті. Егер олар бұдан көп болса, олар / мирастың / үштен біріне ортақ болады. бұл / көрсетілген бөліс! қалдырылған өсиет не қарыздан кейін, ешкімге залал келтірілмей / беріледі /. Бұл - Аллаһтан / бекітілген / бір өсиет. Аллаһ - бәрін Білуші / ’Алим / , аса Жұмсақ, Ұстамды / Халим /.


الصفحة التالية
Icon