Өздеріне құпия сөйлесу тыйым салынғаннан кейін де, тыйылғанға қайта оралатындарды көрмедің бе? Олар күнә, дұшпандық және Елшіге бағынбау жайлы өзара құпия әңгімелеседі. Қашан олар алдыңа келсе, Аллаһ саған сәлем жолдамаған сөзбен сәлемдеседі. Әрі іштерінен: «Аллаһ бізді айтқан сөзіміз үшін неге азаптамайды?» - дейді. Оларға өздері ішінде жанатын Жаһаннам жеткілікті! Ол баратын орын неткен жаман!