Ей, иманға келгендер! Сендерге әйелдерді олардың еркінен тыс, мирас етіп алуға рұқсат етілмейді. Егер олар / өз әйелдерің / анық азғындық-жиіркенішті іс / ойнастық / істемесе, оларға бергендеріңнің / мәһрдің / бір бөлігін алу үшін оларды зорлықпен ұстамаңдар. Сондай-ақ олармен құпталғанға сай / жақсы / қарым-қатынас жасаңдар. Егер оларды жақтырмасаңдар / сабыр сақтаңдар / ,- сендерге бір нәрсе ұнамауы мүмкін, ал Аллаһ сол нәрседе көп қайыр / игілік / жасап қоюы мүмкін.