Мұнафиқтарды көрмедің бе, Кітап берілген қауым қатарындағы күпірлік етуші / имансыз / бауырларына: «Егер сендер шығарылсаңдар, онда біз де міндетті түрде сендермен бірге шығамыз. Сендерге қатысты ешкімге, ешқашан бағынбаймыз. Егер сендермен соғысса, әлбетте сендерге жәрдем береміз», - деп айтатын. Аллаһ олардың нағыз өтірікші екендігіне куәлік береді.