Ей, иманға келгендер! Менің дұшпаным әрі өздеріңнің дұшпандарыңды / имансыздарды / өздеріңе дос тұтпаңдар. Олар сендерге ақиқаттан келгенге күпірлік етсе де / мойындамаса да / , Оларға сүйіспеншілік пейіл білдіресіңдер. Олар Елшіні және сендерді, өздеріңнің Раббың - Аллаһқа сенгендерің үшін қуып шығаруда. Егер сендер Менің жолымда күресу үшін және Менің ризалығымды іздеп шықсаңдар / жауларымды дос тұтпаңдар /. Сендер Оларға сүйіспеншілік пейіл танытып, сыр айтасыңдар. Ал, Мен сендердің нені ашық, нені жасырын істегендеріңді жақсы білемін. Сендерден кім мұны істесе, әлбетте ол тура жолдан адасқан болады.


الصفحة التالية
Icon