Анығында, сендер үшін Ибраһимде және онымен бірге болғандарда көркем өнеге бар. Олар еліне: «Негізінде біз сендерден де, Аллаһтан өзге табынатындарыңнан да бас тартамыз. Біз сендердің діндеріңді мойындамаймыз. Қашан Аллаһтың жалғыз Өзіне сенгендеріңше, сендер мен біздің арамызда мәңгі дұшпандық әрі өшпенділік орнады», - деді. Бірақ Ибраһимнің / өз / әкесіне: «Мен міндетті түрде сен үшін кешірім тілеймін. Бірақ сен үшін Аллаһтың алдында ешнәрсеге ие бола алмаймын», - деген сөзі ғана бұған кірмейді. / Олар!: «Раббымыз! Біз Өзіңе жүгініп, саған ісімізді тапсырдық / тәуекел еттік / және Өзіңе бойсұнуға қайттық / тәубе еттік / , әрі қайтуымыз Саған.