Ей, иманға келгендер! Қашан сендерге иманды әйелдер қоныс аударып келсе, оларды тексеріп көріңдер. Аллаһ олардың имандарын жақсы біледі. Сонда егер олардың иманды әйелдер екенін білсеңдер, оларды кәпірлерге қайтармаңдар. Себебі бұлар / иманды әйелдер / оларға / кәпірлерге / рұқсат етілмейді, әрі олар да / кәпірлер / бұларға / иманды әйелдерге / рұқсат етілмейді. Оларға / кәпірлерге / жұмсағандарын беріңдер. Қашан бұларға / әйелдерге / мәһрлерін / сыйларын / берсендер, оларды некелеріңе алуларың сендерге күнә емес. кәпір әйелдерді некелеріңде ұстамаңдар. Оларға бергендеріңді сұраңдар, олар да бергендерін сұрасын. Бұл - Аллаһтың үкімі. Ол араларыңа үкім етеді. Аллаһ - бәрін Білуші, өте Дана.


الصفحة التالية
Icon