Ей, иманға келгендер! Мәриям ұлы Исаның хауарилерге: «Менің Аллаһ / жолындағы / жәрдемшілерім кім?» - дегенінде, хауарилердің: «Біз - Аллаһтың жәрдемшілеріміз», -дегендеріндей Аллаһтың / Оның дінінің / жәрдемшілері болыңдар. Сонда, Исраил ұрпақтарының бір бөлігі иманға келді, ал бір бөлігі күпірлік келтірді / қарсы шықты /. Біз иманға келгендерге дұшпандарына қарсы қолдау көрсеттік, сөйтіп олар үстем болды.