Сендерден басы азат иманды / мүмін / әйелдерге үйленуге кімнің қаражат жағынан шамасы келмесе, онда қолдарыңдағы иманды / мүмін / күңдердің біріне / үйленсін /. Аллаһ сендердің имандарыңды жақсы біледі. Сендер - бір-біріңненсіңдер. Оларға иелерінің рұқсатымен үйленіңдер және оларға мәһрлерін тиісінше беріңдер. Олар әйелдік пәктігін сақтаушы, ойнас жасамайтын, көңілдес ұстамайтын болсын. Олар қашан күйеуге шығып, кейін бір жиіркенішті іс / ойнастық / істесе, оларға азат әйелдерге тиісті азаптың / жазаның / жартысы беріледі. Бүл сендердің араларыңдағы зина істеп қоюдан қорыққандар үшін. Ал, сабыр етулерің, өздерің үшін қайырлы. Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.