Ей, иманға келгендер! Mac болған күйлеріңде, не айтып жатқандарыңды білгендеріңе дейін әрі жүніп күйлерінде ғұсыл құйынғанға дейін намазға жақындамаңдар. Бірақ, жолдан өтуші / бір себеппен мешіттен өтуші / болса, жөні бөлек. Ал, егер, науқас не сапарда болсаңдар, не сендерден біреу әжетке отырып келсе немесе әйелдеріңе жақындасқан болсаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза топыраққа тәяммум соғып / алақандарыңдыұрып / , онымен беттеріңді және қолдарыңды сипаңдар. Ақиқатында, Аллаһ - жазаламай Кешіріп жіберуші , өте Кешірімді.