Иудейлердің арасында сөзді өз орындарынан өзгертетіндер және тілдерін бұрап әрі дінге тіл тигізіп «Естідік те қарсы келдік», «құлақ ас, тыңдалусыз қалғыр» және «Раъина» / Бізге көңіл бөл / деп айтатындар бар. Егер олар «Естідік те бойсұндық», «Тыңда» және «Үнзүрна» / Бізге қара / - деп айтқанда, өздері үшін қайырлы әрі туралыққа жақын болар еді. Алайда, Аллаһ оларды күпірлік еткендері / иманнан бас тартқандықтары / үшін лағнеттеді / мейірімінен алыстатты /. Олардың азы ғана иманға келеді.


الصفحة التالية
Icon