Қайда болсаңдар да өлім сендерді табады. Тіпті биік қамалдарда болсаңдар да. Егер оларға бір жақсылық жетсе: «бұл - Аллаһтан», - дейді, ал егер, бір жамандық жетсе: «Бұл - сенен», - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бәрі де - Аллаһтан», -деп. Бұл топ неге сөзді ұғуға жақындамайды?