Иманды жанның / мүміннің / иманды адамды / мүмінді / өлтіруіне болмайды, тек жаңсақтықпен болмаса. Кім иманды адамды қателесіп өлтіріп қойса, онда бір иманды құлды азат етуі және / өлген кісінің / туыстарына, олар кешпеген жағдайда, құн төлеуі / тиіс /. Егер ол сендермен жауласқан бір елдің ішіндегі иманды кісі болса, онда бір иманды құлды азат етуі керек. Ал, егер ол араларыңда келісім болған ел ішінен болса, онда / оның / туыстарына құн төлеу және бір иманды құлды азат етуі ләзім. Мұны таба алмаған кісі Аллаһ оның істеген күнәсіне шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етуі үшін екі ай бойы үздіксіз ораза ұстауы керек. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.