Әрі сонда Мұса еліне: «Әй, елім! Ақиқатында, сендер бұзауды құдай етіп алумен өздеріңе әділетсіздік жасадыңдар! Енді күнәларың үшін өздеріңнің Жаратушыңа бойсұнуға қайтып / тәубе қылып / өздеріңді өлтіріңдер. Осыны істеулерің Жаратушыңыздың алдында өздерің үшін қайырлы»,- деді. Сонда / Аллаһ / күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етті. Әлбетте, Ол - тәубені қабыл етуші, ерекше Мейірімді.