Ей, иманға келгендер! Қашан намазға тұратын болсаңдар, беттеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар, бастарыңа мәсих тартыңдар / сұлы қолмен сипаңдар / әрі аяқтарыңды тобықтарға дейін / жуыңдар /. Егер жүніп болсаңдар, тазаланыңдар /ғұсыл құйыныңдар /. Ал, егер науқас не сапарда болсаңдар, не сендерден біреу дәретке отырып келсе немесе әйелдеріңе жақындасқан болсаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза топыраққа тәяммум соғып / алақандарыңды ұрып / , онымен беттеріңді және қолдарыңды сипаңдар. Аллаһ сендерге ауыртпашылықты қаламайды, Ол сендердің шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін сендерді тазартуды әрі сендерге деген игілігін соңына жеткізуді қалайды.