Әрі сонда сендер: «Ей, Мұса! Біз бір-ақ түрлі тамаққа шыдай алмаймыз. Біз үшін Раббыңнан тіле, бізге жерде өсетін көкөнісінен, қиярынан, сарымсағынан, бұршағынан және пиязынан шығарып берсін», - дегендеріңде ол: «Сендер жақсы нәрсені төмен нәрселерге ауыстырасыңдар ма? Кез келген қалаға түсіңдер, сендерге сонда сұрағандарың бар», - деді. Сонда оларға қорлық пен жоқшылық түсірілді әрі Аллаһтың ашуына ұшырады. Мұның себебі - олардың Аллаһтың белгілеріне күпірлік етулері / оны теріске шығарулары / әрі пайғамбарларды жазықсыз өлтірулері. бұл - олардың бойсұнбаулары мен шектен шыққандықтары үшін.


الصفحة التالية
Icon